Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 18.05.2015 № 46-317 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданының ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Жамбыл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы "Жамбыл ауданы бойынша ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" (2012 жылғы 18 маусымдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-7-141 нөмірімен енгізілген, 2012 жылғы 5 шілдедегі N 25 (5604) "Атамекен" газетінде жарияланған) N 8-65 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, әлеуметтік сала, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қазиев Б.Б |
Мәслихат хатшысы | Жұрын С. |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Жамбыл ауданының экономика | |
және бюджеттік жоспарлау | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің | |
бастығының міндетін | |
атқарушы | Байғабатова Гүләйім Райымқұлқызы |