Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 15.10.2014 № 38-266 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленсін.
2. Жамбыл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі "Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 27 сәуірінде 2-7-140 нөмірімен енгізілген, 2012 жылғы 19 мамырдағы N 19(5598) "Атамекен" газетінде жарияланған) N 6-56 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, әлеуметтік сала, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Жұрын
Мәслихат хатшысы Б. Қазиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Жамбыл аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Қарымбаев Жақсылық Султанович
23 қараша 2012 жыл