Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012.11.23 N 12-100 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленсін.
2. Жамбыл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 29 наурыздағы "Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 19 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-7-96 нөмірімен енгізілген, 2010 жылғы 24 сәуірде N 16 (5497) "Атамекен" газетінде жарияланған) N 36-160 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, әлеуметтік сала, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әскербек Көкеұлы Абаевқа жүктелсін..
4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Г. Жылангөзова
Мәслихат хатшысы Б. Қазиев
КЕЛІСІЛДІ:
Жамбыл аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы
13 сәуір 2012 жыл