Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық әкімдігінің 16.03.2013 N 86 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" N 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық, ауылдық округ әкімдеріне Қаратал ауданы Бастөбе ауылы, Сергей Юн көшесі, 22 үй мекен-жайында орналасқан "Алматы облысы Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Қалалық, ауылдық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан – желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
5. "Қаратал аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына Ерғали Құрманәліұлы Әбілғазиев (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, әскери шақырушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
6. Қаратал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы" N 53 (Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2011 жылдың 08 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-171 нөмірімен енгізілген, аудандық "Қаратал" газетінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі 22 нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Күлпаш Ізмұқанқызы Байтаеваға жүктелсін.
8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Дүйсембінов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қаратал ауданының орталық
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері Біржан Асқарұлы Құмаров
19 наурыз 2012 жыл
"Қаратал ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ерғали Құрманәліұлы Әбілғазиев
19 наурыз 2012 жыл
"Қаратал ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ержан Сансызбайұлы Асылбеков
19 наурыз 2012 жыл
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы
19 наурыздағы "Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2012 жылдың сәуір-маусым
және қазан-желтоқсан айларында
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы"
N 69 қаулысына
1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2012.10.02 N 266 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Күлпаш Ізмұханқызы Байтаева - "Қаратал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Ақназар Сламжанұлы Үсербаев - "Қаратал ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Асхат Болатханұлы Жұлынов - "Қаратал аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Жанетта Сейтқалиқызы Оязбаева - Медициналық комиссиясының төрағасы "Қаратал аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары;
Алмагүл Темірғалиқызы Омарғалиева - Комиссия хатшысы, "Қаратал аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі.
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы
19 наурыздағы "Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2012 жылдың сәуір-маусым
және қазан-желтоқсан айларында
кезекті мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы"
N 69 қаулысына
2-қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
К Е С Т Е С І
N |
Ауыл |
Сәуір |
мамыр |
Қазан |
Қараша |
||||||||||||||||||
2 |
4 |
5 |
9 |
10 |
11 |
11 |
17 |
18 |
22 |
3 |
4 |
5 |
8 |
9 |
12 |
16 |
7 |
8 |
9 |
14 |
21 |
||
1 |
Үштөбе қ. |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
|||||||||||||||||
2 |
Балпық а/о |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
3 |
Бастөбе а/о |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
4 |
Елтай а/о |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
5 |
Ескелді а/о |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
6 |
Қаңбақты а/о |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
7 |
Жолбарыс батыр а/о |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
8 |
Қызылбалық а/о |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
9 |
Айту би а/о |
+ |
+ |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
10 |
Тастөбе а/о |
+ |
+ |
+ |
+ |