РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратал ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 19 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (2012 жылы 10 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-12-191 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 13 сәуірдегі аудандық "Қаратал" газетінің 15 санында жарияланған) N 69 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасына:
аудандық шақыру комиссиясының құрамына Ақназар Сламжанұлы Үсербаев - "Қаратал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы енгізілсін;
аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Ержан Сансызбайұлы Асылбеков шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Күлпаш Ізмұқанқызы Байтаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Дүйсембінов |