Көксу ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 4-5 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 09 шілдеде N 2-14-139 тіркелді.Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 06 наурыздағы N 12-12 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 06.03.2013 N 12-12 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес, Көксу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көксу ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Көксу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 қыркүйектегі "Көксу ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" N 61-1 (Алматы облыстық Әділет департаментінде 2011 жылдың 3 қарашадағы 2-14-116 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада Көксу аудандық "Нұрлы Көксу" газетінің 48(103) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Қ. Алпысбаев

      Аудан мәслихатының хатшысы                 Ә. Досымбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Көксу ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Айгүл Нұртайқызы Шаяхметова
      2012 жыл 08 маусым

      Көксу ауданының қаржы
      бөлімінің бастығы                          Серік Сапарұлы Нұрмұхамбетов
      2012 жыл 08 маусым

Аудан мәслихатының 2012 жылғы
08 маусымдағы "Көксу ауданындағы
аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшерін және тәртібін
айқындау туралы" N 4-5 шешіміне
қосымша

Көксу ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейінің отбасының жиынтық табысына пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      өтініш беруші – көмекті тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін сұраған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия. Учаскелік комиссиялардың құрамы қоғамдық негізінде ауылдық округтердің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктер, тұрғындар, ұйымдар мен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының өкілдерінен құрылады.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      3. Белгіленген нормадан артық кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі отбасының орташа айлық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Отбасының жиынтық табысы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін заңнамада белгіленген тәртіппен есептеледі.
      Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, барлық топтағы мүгедектерді және бір айдан астам стационарлық емделудегі азаматтарды, күндізгі оқу бөлімінде оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттармен магистранттарды қоспағанда, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген, ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспайтын еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасында тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғалардың құқығы бар.
      5. Құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасылары (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жеріндегі ауылдық, кенттік учаскелік комиссияға өтініш пен төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісім шарты);
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мекенжай бюросының анықтамасы);
      4) отбасының барлық мүшелерінің табысын растайтын құжаттар (өткен тоқсанға);
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе телекоммуникация қызметтері мен коммуналдық қызметтерді тұтыну анықтамасы;
      7) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      8) жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама (жылына бір рет);
      9) салық төлеуші нөмірінің куәлігінің көшірмесі.
      7. Кенттік, ауылдық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және құжаттар қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      8. Уәкілетті орган кенттік, ауылдық округтің әкімдерінен қоса тіркелген құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күн мерзімде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына күмән келтіретін мән-жайлар туралы хабарламағанда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      10. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудандық қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      11. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну – айына бір отбасына 10 килограмм (1 кішкене газ баллон);
      2) электр энергиясын қолдану:
      1 адамға – бір айға 45 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына–бір айға 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады;
      4) пеш жағатын тұрғын үйлерге жыл бойына 3 тонна көмір.
      12. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша "Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.
      13. Тұрғын үй көмегінің төлемі көрсетілген операция түрлеріне лицензиялары бар тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган және банк филиалдары немесе басқа да ұйымдар арасында жасалған Агенттік келісімі негізінде тағайындалған соманы алушының жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3. Қорытынды

      16. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Коксуского района

Решение маслихата Коксуского района Алматинской области от 08 июня 2012 года N 4-5. Зарегистрировано Управлением юстиции Коксуского района Департамента юстиции Алматинской области 09 июля 2012 года N 2-14-139. Утратило силу решением маслихата Коксуского района Алматинской области от 06 марта 2013 года N 12-12

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Коксуского района Алматинской области от 06 марта 2013 года N 12-12
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

       В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" от 16 апреля 1997 года, Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", Коксуский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Коксуского района согласно приложения.
      2. Решение Коксуского районного малихата от 28 сентября 2011 года N 61-1 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Коксуского района" (зарегистрировано в департаменте Юстиции Алматинской области в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 3 ноября 2011 года за номером 2-14-116, опубликовано в номере 48(103) районной газеты "Нұрлы Көксу" от 22 ноября 2011 года) признать утратившим силу.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Коксуского районного маслихата по соблюдению законодательства, правопорядка, социальной защиты населения, награждения и полномочий депутатов.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата                        К. Алпысбаев

      Секретарь                                  А. Досымбеков

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник отдела занятости
      и социальных программ
      по Коксускому району                       Шаяхметова Айгул Нуртаевна
      08 июня 2012 года

      Начальник финансового
      отдела по Коксускому району                Нурмухамбетов Серик Сапарович
      08 июня 2012 года

Приложение
к решению Коксуского районного
маслихата от 08 июня 2012 года
N 4-5 "Об определении размера и
порядка оказания жилищной помощи
малообеспеченным семьям
(гражданам) Коксуского района"

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным
семьям (гражданам)

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года N 94 "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", от 7 апреля 2011 года N 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и определяет размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

1. Общие положения

      1. В настоящем размере и порядке оказания жилищной помощи используются следующие основные понятия:
      доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи в месяц на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем к совокупному доходу семьи в процентах;
      совокупный доход семьи – общая сумма доходов, полученных семьей за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      заявитель – лицо, обращающееся от имени семьи за назначением жилищной помощи;
      орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по содержанию объекта кондоминиума;
      уполномоченный орган – "Коксуский районный отдел занятости и социальных программ" государственное учреждение, осуществляющее назначение и выплату жилищной помощи;
      участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением Акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за получением жилищной помощи. В состав участковой комиссии входят представители органов местного государственного управления, общественных объединений, кооперативов собственников помещений (квартир), населения, организаций и уполномоченных органов образования, здравоохранения, социальной защиты, работников правоохранительных органов.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Коксуском районе на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимися нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг семьями (гражданами), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища в порядке установленном законодательством в области связи;
      4) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      3. Оплата расходов на содержание жилого дома (жилого здания) и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем сверх установленной нормы производится гражданами на общих основаниях.
      Доля предельно допустимого уровня расходов семьи в месяц на оплату расходов на содержание жилого дома (жилого здания) и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем устанавливается к совокупному доходу семьи в размере десяти процентов.
      Совокупный доход семьи исчисляется за квартал, предшествовавший кварталу обращения, в установленном законодательном порядке.
      Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам) имеющих трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в службе занятости в качестве безработных, без уважительных причин, отказавшихся от предложенной работы, в том числе на социальные рабочие места и общественные работы, от профессионального обучения и переобучения, за исключением инвалидов всех групп и граждан находящихся на стационарном лечении больше одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов учебных заведений дневной формы, а также лиц, осуществляющих уход за инвалидами первой и второй группы, детьми – инвалидами до 18 лет, лицами старше 80 лет или занятых воспитанием детей в возрасте до 3 лет.

2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      4. Жилищная помощь назначается – гражданам Республики Казахстан, оралманам, лицам без гражданства, имеющим вид на жительство и постоянно проживающим в Республике Казахстан.
      5. Месяцем обращения считается месяц подачи заявления с прилагаемыми документами.
      Не назначается или получение назначенной жилищной помощи прекращается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем или аренду.
      6. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья), обращается по месту жительства в сельскую, поселковую участковую комиссию с заявлением и предоставляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище (договора приватизации, дарения, купли-продажи, аренды со сведениями размера занимаемой площади, количества комнат);
      3) копию документа, подтверждающего место жительство семьи (копию книги регистрации граждан, справка адресного бюро);
      4) документы, подтверждающие доходы всех членов семьи (за предшествующий квартал);
      5) счет о размере ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг, квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      7) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, предъявленный местным исполнительным органом;
      8) справка об отсутствии в частной собственности более одной единицы жилья (один раз в год);
      9) копию свидетельства регистрационного номера налогоплательщика.
      7. Аким поселкового, сельского округа принимает от заявителей документы, регистрирует и не позднее десяти дней со дня принятия документов от заявителей направляет их вместе с заключением участковой комиссии в уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи.
      8. Уполномоченный орган принимает от акимов поселкового, сельского округа заявления с прилагаемыми документами и заключениями участковых комиссий, рассматривает их в течении десяти дней со дня получения и принимает решение о назначении жилищной помощи или в отказе в ней. Основанием для предоставления жилищного пособия является решение уполномоченного органа.
      9. Получатели жилищной помощи в пятнадцатидневный срок извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, которые могут служить основанием для изменения размера помощи или влияющих на его получение.
      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на размер или на право получать жилищную помощь, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).
      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.
      10. Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными выплатами, эквивалентны нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным законодательством Республики Казахстан.
      Тарифы и нормы потребления коммунальных услуг предоставляются поставщиками услуг.
      11. При назначении жилищного пособия учитываются следующие нормы:
      1) потребление газа – 10 килограмм (1 маленький баллон) в месяц на одну семью;
      2) потребление электроэнергии:
      на 1-го человека – 45 киловатт в месяц;
      на семью из 4-х и более человек – 150 киловатт в месяц.
      3) нормы на водоснабжение предоставляются поставщиками услуг;
      4) жилые дома с печным отоплением 3 тонны угля в год.
      12. Для расчета стоимости угля используются средние цены по району, предоставляемые государственным учреждением "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Коксуского района" по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи.
      13. Выплата жилищной помощи осуществляется путем зачисления назначенных сумм на лицевые счета получателей на основании Агентского соглашения, заключенного между уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи и филиалами банков или другими организациями, имеющими лицензию на осуществление данного вида операций.

3. Заключение

      14. Отношения, не урегулированные настоящим размером и порядком оказания жилищной помощи, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.