Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 19.03.2013 № 141 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" N 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қала, ауылдық округ әкімдеріне Жаркент қаласы Розыбакиев көшесі, 36 үй мекен-жайында орналасқан "Алматы облысы Панфилов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Қалалық, ауылдық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандары, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
5. "Панфилов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына Амиров Мейрамбай Кенжебайұлы (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде ұйымдастырып жүргізсін, ішкі істер органдары әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
6. Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы" N 179 (Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылдың 3 мамырында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-16-114 нөмірімен енгізілген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 2011 жылғы 14 мамырында N 20 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары ААмантай Абдықадырұлы Раевқа жүктелсін.
8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Келемсейіт |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Алматы облысы Панфилов | |
ауданының Қорғаныс істері | |
жөніндегі бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесі | |
бастығының міндетін атқарушы | Даулетханов Талғат Жасболатұлы |
26 наурыз 2012 жыл | |
"Алматы облысы Панфилов | |
ауданының Қорғаныс істері | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Әміров Мейрамбай Кенжебайұлы |
26 наурыз 2012 жыл | |
"Панфилов аудандық емханасы" | |
мемлекеттік коммуналдық | |
кәсіпорны бас дәрігері | Сарпеков Төлеу Құмарбекұлы |
26 наурыз 2012 жыл
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2012.09.06 N 497 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Раев Амантай Абдыкадырұлы | Комиссия төрағасы, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары |
Даулетханов Талғат Жасболатұлы | Комиссия төрағасының орынбасары, Алматы облысы Панфилов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы |
Комиссия мүшелері | |
Керімқұлов Руслан Тоқтарбайұлы | Алматы облысы Панфилов ауданының ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары |
Оспанова Сауле Сатқызы | "Панфилов аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, медициналық комиссияның төрағасы |
Ахметова Тұрсынхан Райбекқызы | Хатшы, "Панфилов аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны медбикесі |
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
N | Қала, ауылдық округ атаулары | Сәуір | Мамыр | Қазан | Қараша | ||||||||||||||||||
2 | 4 | 5 | 9 | 10 | 11 | 11 | 17 | 18 | 22 | 3 | 4 | 5 | 8 | 9 | 12 | 16 | 7 | 8 | 9 | 14 | 21 | ||
1 | Айдарлы | + | + | + | + | ||||||||||||||||||
2 | Үлкенағаш | + | + | + | + | ||||||||||||||||||
3 | Басқұншы | + | + | + | + | ||||||||||||||||||
4 | Бірлік | + | + | + | + | ||||||||||||||||||
5 | Үшарал | + | + | + | + | + | |||||||||||||||||
6 | Көктал | + | + | ||||||||||||||||||||
7 | Пенжім | + | + | + | + | + | + | + | + | ||||||||||||||
8 | Қоңырөлең | + | + | + | + | + | |||||||||||||||||
9 | Сарыбел | + | + | + | + | + | |||||||||||||||||
10 | Талды | + | + | + | + | + | |||||||||||||||||
11 | Шолақай | + | + | + | + | + | |||||||||||||||||
12 | Үлкеншыған | + | + | + | + | + | |||||||||||||||||
13 | Жаскент | + | + | + | + | ||||||||||||||||||
14 | Жаркент қаласы | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + |