РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданы әкімдігінің 26 наурыз 2012 жылғы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 сәуірдегі тіркелген нөмірі 2-16-152, "Жаркент өңірі" газетінің 2012 жылғы 9 мамырдағы 23-нөмірінде және 2012 жылғы 26 мамырдағы 27-нөмірінде жарияланған) N 193 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-қосымшасында:
көрсетілген қаулымен құрылған шақыру комиссиясының құрамына:
Оспанова Сауле Сатқызы - "Панфилов аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, медициналық комиссияның төрағасы енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Ткаченко Евгения Васильевна шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Амантай Абдықадырұлы Раевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Бигелдиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Алматы облысы Панфилов
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығы Даулетханов Талғат Жасболатұлы
04 қыркүйек 2012 жыл
"Алматы облысы Панфилов
ауданының Ішкі істер
бөлімінің" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Әміров Мейрамбай Кенжебайұлы
04 қыркүйек 2012 жыл
"Панфилов аудандық емханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорыны
бас дәрігері Сарпеков Төлеу Құмарбекұлы
04 қыркүйек 2012 жыл