2013 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 наурыздағы 141 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпанындағы Қазақстан Республикасының Заңының 27,28,31 баптарына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" 2013 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 509 Жарлығы 5 тармағының 4) тармақшасы, 34 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына, "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары" туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13 наурыз 2013 жылғы № 235 қаулысына, "Қазақстан Республикасы Президентінің 28 ақпанындағы 2013 жылғы № 509 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" жарлығын іске асыру туралы" қаулысы негізінде Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2013 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақырылудан босату немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ, Қазақстан Республикасының 18-27 жастағы ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылсын, 2-қосымшасына сәйкес шақыру комиссиясы мүшелерінің сырқаттануына немесе басқа да дәлелді себептермен келмеуіне байланысты резервті комиссия құрамы бекітілсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.

      4. Ауданның емдеу мекемелерінің басшыларына:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі "Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыруды өткізуді бастаудан бұрын диспансерлік есептегі және стационарлық емдеуде болған шақырушылар туралы мәлімет ұсыну.

      2) Құрамды медициналық комиссиямен қамтамасыз ету.

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 07.08.2012 жылғы №1029 қаулысымен бекітілген әскери дәрігерлік сараптама жүргізу Ережесіне сәйкес, азаматтардың медициналық куәландыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.

      5. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ағымдағы жылдың 2013 жылы 1 сәуірден 30 маусым және 1 қазан – 31 желтоқсан айлары мерзімінде аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімді ақылы техникалық 8 (сегіз) қызметкермен және қоғамдық жұмысшылармен қамтамасыз етілсін.

      6. "Аудандық ішкі істер бөлімі" мемелкеттік мекемесі:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі "Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне апта сайын алдын ала тергеу немесе жауап алу жүргізіліп жатқан шақырушылар туралы мәлімет ұсынылсын.

      2) 2013 жылы 1 сәуір- 30 маусым және 1 қазан – 31 желтоқсан аралығында әскери шақырудан бас тартқан тұлғаларға іздеуді ұйымдастыру үшін полиция қызметкерлері бөлінсін.

      3) Әскери бөлімшелерге шақырушыларды жіберу және шығару кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіп күзетімен қамтамасыз етілсін.

      7. "Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) Шақыру комиссиясының жұмысын орхтехникамен, кеңсе тауарларымен, бланк өнімдерімен, медициналық комиссияны медициналық дәрі-дәрмекпен, құрал жабдықтармен, медициналық шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету.

      2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі "Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тапсырысына сәйкес Қазақсатн Республикасының әскери қалыптастыру және басқа әскерге, қарулы күштер қатарына шақырылған шақырушыларды жеткізу кезіндегі жалданған көлікті қаржыландырумен және насихаттау көрнекіліктерін қаржыландырумен қамтамасыз ету.

      3) Аудан бюджетінде қарастырылған жалпы міндеттерді орындаумен қаматамасыз етумен байланысты болған іс-шараларды аудан бюджетінен қарастырылған қаржымен қаржыландырылсын.

      8. "Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қарулы күштер қатарына шақырылған шақырушыларды мерекелік шығарып салуды өткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылсын.

      9. "Аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) Шақыру комиссиясының басталуы және оны өткізу барысы туралы ақпараттық бұқаралық құралдарында ақпараттық баяндауды ұйымдастырсын.

      2) Аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру туралы насихаттау көрнекіліктерін тарату, дайындауды қаматамасыз етілсін.

      10. Аудан әкімінің орынбасары шақыру комиссиясының төрағасы шақыруды бастау алдында осыған мүдделі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларымен, ауылдық округ әкімдері, "Қазақстан Республикасы Алматы облысы бойынша ҰҚКД Панфилов АБ" мемлекеттік мекемесімен әскерге шақыруды өткізуге дайындық және кезекті әскерге шақыруға қойылған тапсырмалар туралы қызметтік жиын-кеңес өткізілсін.

      11. Осы қаулыға сәйкес барлық іс-шаралардың орындалуын Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері қамтамасыз етсін.

      12. Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруды мәселесінің үстінен қарайтын аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлы. 2013 жылы 15 шілдеге және 2014 жылы 15 қаңтарға аудан әкімшілігіне осы қаулының орындалуы туралы мәлімдесін.

      13. "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы Панфилов ауданы әкімдігінің № 193 қаулысының (Алматы облысы Әділет департаментінде 2012 жылдың 12-сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 216-152 нөмірімен енгізілген, аудандық "Жаркент-өңірі" газетінің № 23, 2012 жылғы 9 мамырында жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      14. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі М. Бигелдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады