Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы "Панфилов ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 04 желтоқсандағы N 702 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 13 желтоқсанда N 2246 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 қыркүйектегі № 462 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 09.09.2016 № 462 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7- бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы "Панфилов ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 14 қарашадағы тіркелген нөмірі N 2-16-142, "Жаркент өңірі" аудандық газетінің 2011 жылғы 21 қарашадағы 47-нөмірінде жарияланған) N 749 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Панфилов ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
      1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      "1. Меншік құқығына қарамастан, Панфилов ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес процент мөлшерінде квота белгіленсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Бигелдиев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Панфилов ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Азат Жапарұлы Жақыбай

О внесении изменений в постановление акимата Панфиловского района от 10 октября 2011 года "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Панфиловском районе" N 749

Постановление акимата Панфиловского района Алматинской области от 04 декабря 2012 года N 702. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 13 декабря 2012 года N 2246. Утратило силу постановлением акимата Панфиловского района Алматинской области от 09 сентября 2016 года № 462

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Панфиловского района Алматинской области от 09.09.2016 № 462.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Панфиловского района от 10 октября 2011 года N 749 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Панфиловском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 14 ноября 2011 года за N 2-16-142 и опубликованное в районной газете "Жаркент өңірі" за N 47 от 21 ноября 2011 года) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Панфиловском районе".
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере пяти процентов от общей численности рабочих мест в организациях и предприятиях Панфиловского района, независимо от формы собственности".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Раева Амантая Абдыкадыровича.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района М. Бигелдиев
      СОГЛАСОВАНО:
      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ
      Панфиловского района" Жакыбай Азат Жапарович