Панфилов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 қыркүйектегі № 462 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Панфилов ауданы әкімдігінің қосымшада көрсетілген қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Садыков Аскар Джумахановичке жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев

  Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 қыркүйектегі "Панфилов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы" № 462 қаулысына қосымша

Панфилов ауданы әкімдігінің жойылатын қаулылардың

ТІЗБЕСІ

      1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы "Панфилов ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 748 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 14 қарашада 2-16-141 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 21 қарашадағы аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 47 нөмірінде жарияланған);
      2. Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы "Панфилов ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 749 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 14 қарашада 2-16-142 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 21 қарашадағы аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 47 нөмірінде жарияланған);
      3. Панфилов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 04 желтоқсандағы "Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы "Панфилов ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 749 қаулысына өзгегістер еңгізу туралы" №702 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 13 желтоқсанда 2246 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 9 қаңтардағы аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 2 нөмірінде жарияланған);
      4. Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы "Панфилов ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 09 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 30 қаңтарда № 3013 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпандағы аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 8 нөмірінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады