Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 28.05.2020 № 81-317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Сарқан ауданы әкімінің 2012 жылғы 06 маусымдағы N 84-01-3/860 хатына сәйкес Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан ауданы бойынша ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер экология жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Сасанбаев |
Мәслихат хатшысы | Қ. Абдрахманов |
КЕЛІСІЛГЕН: | |
Сарқан аудандық экономика | |
және бюджеттік жоспарлау | |
бөлімінің бастығы | Аязбаев Талғат Тоқтасынұлы |
25 маусым 2012 жыл