Сарқан ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандаринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 маусымдағы N 7-44 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 12 шілдеде N 2-17-120 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 81-317 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 28.05.2020 № 81-317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Сарқан ауданы әкімінің 2012 жылғы 06 маусымдағы N 84-01-3/860 хатына сәйкес Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарқан ауданы бойынша ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер экология жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Ж. Сасанбаев

Мәслихат хатшысы

Қ. Абдрахманов

КЕЛІСІЛГЕН:


Сарқан аудандық экономика


және бюджеттік жоспарлау


бөлімінің бастығы

Аязбаев Талғат Тоқтасынұлы


      25 маусым 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады