Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 217 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 шілдеде № 1815 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Жоғары өрт қаупі бар 4-5 класты кезеңнің басталуына байланысты, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 15 бабының 11) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабындағы 1 тармағының 9) тармақшасы негізінде Жамбыл облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңде (ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
      2. Аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
      1) халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да;
      2) мемлекеттiк орман қоры аумағына кіреберістерді шлагбаумдармен жабдықтауды, тәулік бойы аумақтардың периметрі бойынша патрульдеуді ұйымдастыруды қамтасыз етсін.
      3. Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімі осы қаулыны әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тірекуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыс әкімі                                Қ. Бозымбаев


О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда

Постановление акимата Жамбылской области от 19 июля 2012 года № 217. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области от 27 июля 2012 года № 1815

     Примечание РЦПИ:
     В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В связи с наступлением периода высокой пожарной опасности 4-5 классов и на основании подпункта 11) статьи 15 Лесного кодекса Республики Казахстан от от 8 июля 2003 года и подпункта 9) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В период высокой пожарной опасности (до 20 сентября текущего года) запретить пребывание физических лиц на территории государственного лесного фонда.
      2. Акимам районов и коммунальному государственному учреждению «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области» в пределах своей компетенции обеспечить:
      1) проведение разъяснительной работы среди населения, в том числе посредством выступлений в средствах массовой информации;
      2) оборудование шлагбаумами въезды на территории государственного лесного фонда, организовать круглосуточное патрулирование по периметру территории.
      3. Государственно-правовому отделу аппарата акима Жамбылской области направить настоящее постановление на государственную регистрацию в органы юстиции и обеспечить его официальное опубликование.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Карима Насбековича Кокрекбаева.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

       Аким Области К. Бозымбаев