РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Жоғары өрт қаупі бар 4-5 класты кезеңнің басталуына байланысты, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 15 бабының 11) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабындағы 1 тармағының 9) тармақшасы негізінде Жамбыл облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңде (ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
2. Аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
1) халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да;
2) мемлекеттiк орман қоры аумағына кіреберістерді шлагбаумдармен жабдықтауды, тәулік бойы аумақтардың периметрі бойынша патрульдеуді ұйымдастыруды қамтасыз етсін.
3. Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімі осы қаулыны әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тірекуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Бозымбаев