Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі N 7-5 Шешімі. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 тамызда 6-6-114 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 10-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 21.12.2012 № 10-5 шешімімен.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін.
      2. «Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 42-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 09 қарашадағы №  47-5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-6-98 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 және 7 желтоқсандағы № 144-145, № 146-147 «Меркі тынысы»-«Меркенский вестник» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі аудандық мәслихатының халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р.Нұралбековке) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      М.Қасым                                    І.Ахметжанов

Меркі аудандық мәслихатының
2012 жылғы 31 шілдесіндегі
сессиясының № 7-5 шешімімен
бекітілген

Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары. 1. Жалпы ережелер.

      1. Осы Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (әрі қарай - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес әзірленген.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен Меркі ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
      Тұрғын үй көмегін өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкілетті органмен – «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының шекті жол берілетін шығыстардың үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй – жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Мүгедектерді, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2.Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      7. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн, тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.
      8. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы және тұрғын үй көмегі мөлшеріне әсер ететін басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес есептеген жағдайда уәкілетті органға хабарлайды.
      9. Тұрғын үй көмегінен заңсыз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормалары ескеріледі:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екі және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2) электр қуаты нормалары (бір айда):
      бірден бес адамға дейінгі отбасына – отбасының әрбір мүшесіне 50 киловатт;
      бес және одан да көп мүшелі отбасына – 200 киловатт;
      3) газ шығындарының нормасы (бір айда):
      газ жылыту пешінің бар (1 шаршы метрге) – 7,88 текше метр;
      газбен ас дайындау пеші бар болғанда (отбасының әрбір мүшесіне) – 22 текше метр;
      сұйытылған газ шығыны (отбасының әрбір мүшесіне) – 8,2 килограмм;
      4) қатты отын нормалары (жылыту мерзімінде) – 75,75 килограмм 1 шаршы метрге.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі.

      11. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

4. Қорытынды ережелері.

      12. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Меркенскому району

Решение маслихата Меркенского района Жамбылской области от 31 июля 2012 года № 7-5. Зарегистрировано Меркенским управлением юстиции 16 августа 2012 года № 6-6-114. Утратило силу решением маслихата Меркенского района Жамбылской области от 21 декабря 2012 года № 10-5

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Меркенского района Жамбылской области от 21.12.2012 № 10-5.

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях» районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Меркенскому району.
      2. Признать утратившим силу решение Меркенского районного маслихата от 09 ноября 2011 года № 47-5 «О внесении изменений в решение маслихата Меркенского района от 29 марта 2011 года № 42-7 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Меркенскому району» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6-6-98, опубликовано 2-7 декабря 2011 года в газете «Меркі тынысы» - «Меркенский вестник» № 144-145, № 146-147).
      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию Меркенского районного маслихата по социальной защиты малообеспеченных слоев населении также матерей и детей, обеспечении питьевой водой населении и защиты природы (Р.Нуралбеков).
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      Председатель сессии                        Секретарь районного
      районного маслихата                        маслихата
      Касым М.                                   Ахметжанов И.

Утвержден решением сессии
маслихата Меркенского района
№ 7-5 от 31 июля 2012 года

Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Меркенскому району 1. Общие положения

      1.Настоящие Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Меркенскому району (далее- Правила) разработаны в соответствии со статьей-97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях».
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Меркенском районе.
      Жилищная помощь оказывается по предъявленным счетам поставщиков услуг за квартал, предшествовавший кварталу обращения.
      3. Назначение жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом – государственным коммунальным учреждением «Отдел занятости и социальных программ акимата Меркенского района».
      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты на расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникации, арендной платы за пользование жилищем в пределах норм и предельно – допустимого уровня расходов семьи на эти цели.
      Доля предельно – допустимых расходов семьи устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 10 процентов.
      Совокупный доход семьи для начисления жилищной помощи, исчисляется в порядке определенном законодательством об адресной социальной помощи.
      5. Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим в частной собственности более одной единицы жилья (дома, квартиры) или сдающим жилые помещения в наем.
      Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющим трудоспособных лиц, которые не работают, не зарегистрированы в уполномоченных органах по вопросам занятости, кроме инвалидов, учащихся и студентов, слушателей и курсантов дневной формы обучения, включая магистратуру, а также граждан, занятых уходом за инвалидами I и II групп, детьми-инвалидами с детства до шестнадцати лет, лицами старше восьмидесяти лет, детьми в возрасте до трех лет.

2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      6. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья) обращается в уполномлченный орган с заявлением и представляет документы, указанные в правилах предоставления жилищной помощи, утвержденных Правительством Республики Казахстан.
      Документы, необходимые для назначения жилищной помощи, предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      7. Размер жилищной помощи не может превышать сумму фактических расходов на оплату расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      8. Получатели жилищной помощи в течение десяти дней информируют уполномоченный орган о любых изменениях форм собственности жилья, состава семьи, совокупного дохода и других факторах, влияющих на размер жилищной помощи, а также о случаях неверного начисления жилищной помощи.
      9. Незаконно полученные суммы жилищной помощи подлежат возврату получателем в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.
      10. При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормы площади жилья и потребления коммунальных услуг, обеспечиваемые компенсационными мерами
      1) нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными мерами:  для одиноких граждан – 30 квадратных метров, но не менее размере однокомнатной квартиры и не более фактически занимаемой площади;
      для семьи из двух и более человек – 18 квадратных метров на каждого члена семьи, но не более фактически занимаемой площади;
      2) нормы электроэнергии (в месяц):
      на семью от одного до пяти человек – 50 киловатт на каждого члена семьи;
      от пяти и более человек – 200 киловатт;
      3) нормы газа (в месяц):
      при наличии газового отопления - 7,88 кубических метров на 1 квадратных метр;
      при наличии газовой плиты – 22 кубических метров на одного человека;
      при наличии сжиженного газа – 8,2 килограмм на одного человека;
      4) нормы твердого топлива (в отопительный период) -75,75 килограмм на 1 квадратный метр.

3. Порядок выплаты жилищной помощи

      11. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

4. Заключительные положения

      12. Отношения не урегулированные настоящими Правилами регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.