Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012.06.13 N 5/9 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Теміртау қаласы және Ақтау кенті күндізгі білім беру ұйымдарының жеңілдік санаттағы оқитындарға және тәрбиеленушілерге (жазғы каникулдарды есептемегенде) қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге құқығын растайтын құжаттар бар болғанда жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының бiрiншiден сегiзiншi сыныпқа дейiнгi оқушыларына - тегін жол жүру;
2) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының, кәсіби лицейлердің тоғызыншыдан он бiрiншi сыныпқа дейiнгi оқушыларына, колледждер оқушыларына (тоғызыншы сынып базасында оқитындарға, бірінші және екінші курс оқушыларына) тиісті тарифтің 50 % төлеу;
3) кәсіби лицейлерде, колледждерде (он бiрiншi сынып базасында оқитын) және меншіктің барлық түріндегі жоғарғы оқу орындарының күндiзгі нысанында оқитын тұлғаларына тиісті тарифтің 50 % төлеу.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Сессия төрағасы В. Дмитриев
Мәслихат хатшысы В. Свиридов
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Р. Рахимова
7 наурыз 2012 жылы