Күндiзгi білім беру нысандарында оқитындарға және тәрбиеленушілерге қала ішіндегі қоғамдық көлiктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 7 наурыздағы N 2/7 шешімі. Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 сәуірде N 8-3-138 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 маусымдағы N 5/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012.06.13 N 5/9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Теміртау қаласы және Ақтау кенті күндізгі білім беру ұйымдарының жеңілдік санаттағы оқитындарға және тәрбиеленушілерге (жазғы каникулдарды есептемегенде) қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге құқығын растайтын құжаттар бар болғанда жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
      1) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының бiрiншiден сегiзiншi сыныпқа дейiнгi оқушыларына - тегін жол жүру;
      2) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының, кәсіби лицейлердің тоғызыншыдан он бiрiншi сыныпқа дейiнгi оқушыларына, колледждер оқушыларына (тоғызыншы сынып базасында оқитындарға, бірінші және екінші курс оқушыларына) тиісті тарифтің 50 % төлеу;
      3) кәсіби лицейлерде, колледждерде (он бiрiншi сынып базасында оқитын) және меншіктің барлық түріндегі жоғарғы оқу орындарының күндiзгі нысанында оқитын тұлғаларына тиісті тарифтің 50 % төлеу.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Сессия төрағасы                            В. Дмитриев

      Мәслихат хатшысы                           В. Свиридов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының білім беру,
      дене шынықтыру және спорт бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Б.Р. Рахимова
      7 наурыз 2012 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады