Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-201 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 қарашадағы N 141-142 (11654) "Балқаш өңірі", N 136-137 (695) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) N 36/01 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Балқаш қаласының барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі | Қ. Тейлянов |