Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы N 36/01 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қарашада N 8-4-201 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы N 18/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 12.05.2016 N 18/02 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласының барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2012.01.19 N 02/04 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жұмыс орындарына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Балқаш қаласының әкімі
Қ. Тейлянов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады