Балқаш қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын анықтау туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 шілдедегі N 26/30 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қыркүйекте N 1923 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы N 06/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 25.02.2016 N 06/02 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27 баптарына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулысына сәйкес, Балқаш қаласының аумағында сауда қызметін ретке келтіру мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қала әкімі
Н. Аубакиров

      

  Балқаш қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 25 шілдедегі
N 26/30 қаулысына
қосымша

Балқаш қаласының аумағындағы көшпелі сауда орындарының
тізімі

1.
Михаил Русаков ықшам ауданы (Михаил Русаков ықшам ауданы, N 2 үй, "Шекер", "Батыр", "Қуаныш", "Жеміс –Жидек", "Океан" дүкендерінің жанында)
2.
Садық Мұхамеджанов ықшам ауданы (Садық Мұхамеджанов ықшам ауданы, N 5 үй, "Нұр", "Достық", "Ассорти" дүкендерінің жанында)
3.
Ленин көшесі (Ленин көшесі N 37 және N 41 үйлерінің арасында)
4.
Ленин көшесі (Ленин көшесі N 6 және N 8 үйлерінің арасында)

      

Об определении мест выездной торговли на территории города Балхаш

Постановление акимата города Балхаша Карагандинской области от 25 июля 2012 года N 26/30. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 5 сентября 2012 года N 1923. Утратило силу постановлением акимата города Балхаша Карагандинской области от 25 февраля 2016 года N 06/02

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Балхаша Карагандинской области от 25.02.2016 N 06/02.
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 8, 27 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2005 года N 371 "Об утверждении Правил внутренней торговли", в целях упорядочения торговой деятельности на территории города Балхаш акимат города Балхаш ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить места для осуществления выездной торговли на территории города Балхаш согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Балхаш Молдабаеву Бахит Кадыровну.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким города
Н. Аубакиров

      

  Приложение
к постановлению акимата
города Балхаш
от 25 июля 2012 года N 26/30

Перечень
мест выездной торговли на территории города Балхаш

1.
Микрорайон Михаила Русакова (возле магазинов "Шекер", "Батыр", "Куаныш", "Жемис – Жидек", "Океан", микрорайон Михаила Русакова, дом N 2)
2.
Микрорайон Садыка Мухамеджанова (возле магазинов "Нур", "Достык", "Ассорти", микрорайон Садыка Мухамеджанова, дом N 5)
3.
Улица Ленина (улица Ленина между домами N 37 и N 41)
4.
Улица Ленина (улица Ленина между домами N 6 и N 8)