"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27 баптарына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулысына сәйкес, Балқаш қаласының аумағында сауда қызметін ретке келтіру мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі | Н. Аубакиров |
Балқаш қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 шілдедегі N 26/30 қаулысына қосымша |
Балқаш қаласының аумағындағы көшпелі сауда орындарының
тізімі
1. | Михаил Русаков ықшам ауданы (Михаил Русаков ықшам ауданы, N 2 үй, "Шекер", "Батыр", "Қуаныш", "Жеміс –Жидек", "Океан" дүкендерінің жанында) |
2. | Садық Мұхамеджанов ықшам ауданы (Садық Мұхамеджанов ықшам ауданы, N 5 үй, "Нұр", "Достық", "Ассорти" дүкендерінің жанында) |
3. | Ленин көшесі (Ленин көшесі N 37 және N 41 үйлерінің арасында) |
4. | Ленин көшесі (Ленин көшесі N 6 және N 8 үйлерінің арасында) |