2012 жылға Қаражал қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 ақпандағы N 40 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 наурызда N 8-5-125 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы N 127 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012.05.28 N 127 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына және 18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Қаражал қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі), Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің "Қаражал қаласының Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы), заңда белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту бөлімінде немесе жұмыспен қамту орталығында тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша он екі айға дейін жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы 102 "Жұмыспен қамту жүйесінде азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша толықтыру шаралары" кіші бағдарламасы бойынша көзделген, сондай-ақ Қаражал қаласының бюджетінде қарастырылған мақсатты трансферттердің есебінен бюджеттік бағдарлама 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" кіші бағдарламасы есебінен жүргізілсін.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы бөлінген қаражат сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда алғашқы алты айда жалақы мөлшері 50 пайыз, келесі үш айда – 30 пайыз, соңғы үш айда – 15 пайыз мөлшерінде белгіленсін, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі жұмыспен қамту бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады.
      5. Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы N 144 "Қаражал қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 8-5-112 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2011 жылғы 16 шілдеде N 29 санында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Құрмансейітовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Әшімов

Қаражал қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 22 ақпан
N 40 қаулысына
қосымша

Нысанды топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын, жұмыс берушілердің
ТІЗІМІ

N

Ұйымның атауы

Кәсіп (мамандық)

Жұмыс орындарының саны

Жұмыс ұзақтығы (айлар)

Айлық жалақы мөлшері, теңге

Өтемақы мөлшері, теңге

1.

"Алау-2011" пәтер иелерінің кооперативі

Кәріз жүйесін жөндеу бойынша жұмысшысы, санитарлық тазалау және көркейту бойынша жұмысшы

5

6 дейін

30000

15000

2.

"Қамқор-2011" пәтер иелерінің кооперативі

Кәріз жүйесін жөндеу бойынша жұмысшы, санитарлық тазалау және көркейту бойынша жұмысшы

6

6 дейін

30000

15000

3.

"Жәйрем кен байыту комбинаты" акционерлік қоғам

Іс қағаз жүргізуші, мұрағатшы

2

6 дейін

40000

20000

4.

"Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Өркен-Атасу" өкілдігі

Іс қағаз жүргізуші, мұрағатшы

5

12 дейін

34878

17439

5.

"Қаражал-Транс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Автомобиль жөндеу шебері

1

12 дейін

52000

26000, 6 ай,

15600, 3 ай,

7800, 3 ай

6.

"Stinoil" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Автокөлік жуушы

1

12 дейін

52000

26000, 6 ай,

15600, 3 ай,

7800, 3 ай

Қосалқы жұмыскер

1

12 дейін

52000

26000, 6 ай,

15600, 3 ай,

7800, 3 ай

7.

"Шахон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қосалқы жұмыскер

2

12 дейін

52000

26000, 6 ай,

15600, 3 ай,

7800, 3 ай

О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Каражал на 2012 год

Постановление акимата города Каражал Карагандинской области от 22 февраля 2012 года N 40. Зарегистрировано Управлением юстиции города Каражал Карагандинской области 12 марта 2012 года N 8-5-125. Утратило силу постановлением акимата города Каражал Карагандинской области от 28 мая 2012 года N 127

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Каражал Карагандинской области от 28.05.2012 N 127.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5) пункта 2 статьи 4 и статьей 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2011 года N 316 "Об утверждении Программы занятости 2020" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года N 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях оказания социальной поддержки безработным гражданам, относящимся к целевым группам, акимат города Каражал ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый перечень работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп согласно приложению.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Каражал" (далее - отдел занятости), коммунальному государственному учреждению "Центр занятости города Каражал" акимата города Каражал Карагандинской области (далее- центр занятости) организовать работу по созданию рабочих мест для временного трудоустройства безработных граждан из целевых групп, зарегистрированных в отделе занятости, центре занятости, в установленном законодательством порядке сроком до двенадцати месяцев.
      3. Финансирование мероприятий по созданию социальных рабочих мест производить в пределах средств бюджета города по бюджетной программе 002 "Программа занятости" подпрограммы 102 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения", а также целевых трансфертов, предусмотренных в бюджете города Каражал по бюджетной программе 002 "Программа занятости" подпрограммы 103 "Расширение программы социальных рабочих мест и молодежной практики за счет целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета".
      4. Размер среднемесячных отчислений для лиц, направляемых на социальные рабочие места, исходя из общей суммы выделенных средств с учетом плановой численности трудоустраиваемых и продолжительности участия, включая обязательные пенсионные взносы и индивидуальный подоходный налог составляет первые шесть месяцев не более 50 процентов заработной платы, вторые три месяца - не более 30 процентов, последние три месяца - 15 процентов, доля софинансирования со стороны работодателя определяется договором, заключаемым между отделом занятости, центром занятости и работодателем.
      5. Считать утратившим силу постановление акимата города Каражал от 16 июня 2011 года N 144 "О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Каражал" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 8-5-112, опубликовано в газете "Қазыналы өңір" от 16 июля 2011 года за N 29).
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Каражал Курмансеитова А.К.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Каражал                        Г. Ашимов

Приложение
к постановлению
акимата города Каражал
от 22 февраля 2012 года N 40

ПЕРЕЧЕНЬ
работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

Наименование организации

Профессия (специальность)

Количество рабочих мест

Продолжительность работ (месяцев)

Размер месячной заработной платы, тенге

Размер компенсации, тенге

1.

Кооператив собственников квартир "Алау-2011"

Рабочий по ремонту канализационной системы, рабочий по санитарной очистке и благоустройству

5

до 6

30000

15000

2.

Кооператив собственников квартир "Камкор-2011"

Рабочий по ремонту канализационной системы, рабочий по санитарной очистке и благоустройству

6

до 6

30000

15000

3.

Акционерное общество "Жайремский горнообогатительный комбинат"

Делопроизводитель, архивариус

2

до 6

40000

20000

4.

Представительство "Оркен-Атасу" товарищества с ограниченной ответственностью "Оркен"

Делопроизводитель, архивист

5

до 12

34878

17439

5.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Каражал-Транс"

Слесарь по ремонту автомобилей

1

до 12

52000

26000 6 месяцев

15600, 3 месяца

7800, 3 месяца

6.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Stinoil"

Автомойщик

1

до 12

52000

26000 6 месяцев

15600, 3 месяца

7800, 3 месяца

Подсобный рабочий

1

до 12

52000

26000 6 месяцев

15600, 3 месяца

7800, 3 месяца

7.

Товарищество с ограниченной ответственностью "Шахон"

Подсобный рабочий

2

до 12

52000

26000 6 месяцев

15600, 3 месяца

7800, 3 месяца