Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 9 сәуірдегі N 40 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 28 сәуірде N 8-6-140 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы N 113 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 20.02.2013 N 113 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
      1) жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
      2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншыдан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
      3) кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының оқушыларын – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
      4) әлеуметтік көмек көрсетілетін мына азаматтар санатына жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда, кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының оқушыларына – тегін жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда):
      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
      көп балалы отбасылардың балалары;
      кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балалар;
      жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
      дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
      интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
      денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
      толық емес отбасынан шыққан балалар.
      2. "Күндізгі бөлім оқушыларының қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 наурыздағы XXХІІІ сессиясының N 419 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-6-121 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі 34 (1900) нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ж. Күнеділов

      Қалалық мәслихат хатшысы                   С. Имамбай

      Келісілді:

      "Сәтбаев қаласының білім, дене
      шынықтыру және спорт бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ш. Жанасылова
      2012 жылғы 9 сәуір

О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения

Решение Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 9 апреля 2012 года N 40. Зарегистрировано Управлением юстиции города Сатпаев Карагандинской области 28 апреля 2012 года N 8-6-140. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 20 февраля 2013 года N 113

      Сноска. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 20.02.2013 N 113 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и Законом Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан" городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить на 2012 год льготный проезд на общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям учащихся города Сатпаев:
      1) учащимся общеобразовательных учебных заведений с первого по восьмой классы включительно – бесплатный проезд (за исключением периодов каникул и выходного дня каждой недели);
      2) учащимся общеобразовательных учебных заведений с девятого по одиннадцатый классы включительно – с оплатой 50 % существующего тарифа (за исключением периодов каникул и выходного дня каждой недели);
      3) учащимся профессиональных школ, колледжей, высших учебных заведений – с оплатой 50 % существующего тарифа (за исключением периодов каникул и выходного дня каждой недели);
      4) учащимся общеобразовательных учебных заведений с первого по одиннадцатой классы включительно, профессиональных школ, колледжей, высших учебных заведений из следующих категорий граждан, которым оказывается социальная помощь – бесплатный проезд (за исключением периодов каникул и выходного дня каждой недели):
      дети-сироты, дети, оставшиеся без попечения родителей;
      дети с ограниченными возможностями в развитии, инвалиды и инвалиды с детства, дети-инвалиды;
      дети из многодетных семей;
      дети, находящиеся в центрах временной изоляции, адаптации и реабилитации несовершеннолетних;
      дети, проживающие в школах-интернатах общего и санаторного типов, интернатах при школах;
      дети, воспитывающиеся и обучающиеся в специализированных интернатных организациях образования для одаренных детей;
      воспитанники интернатных организаций;
      дети из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума;
      дети, которые по состоянию здоровья в течение длительного времени обучаются по программам начального, основного среднего, общего среднего образования на дому или в организациях, оказывающих стационарную помощь, а также восстановительное лечение и медицинскую реабилитацию;
      дети из неполных семей.
      2. Признать утратившим силу решение ХХХІІІ сессии Сатпаевского городского маслихата от 25 марта 2011 года N 419 "О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-6-121 и официально опубликовано 29 апреля 2011 года в N 34 (1900) газеты "Шарайна").
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по вопросам социальной сферы, правопорядка и социальной защиты населения (председатель Конурова Алия Мешитбаевна).
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Ж. Кунедилов

      Секретарь городского маслихата             С. Имамбай

      Согласовано:

      Начальник государственного учреждения
      "Отдел образования, физической
      культуры и спорта города Сатпаев"
      Ш. Жанасылова
      9 апреля 2012 года