Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы N 113 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 наурызда N 2238 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 224 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 31.03.2014 N 224 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2013 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
      1) жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
      2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншыдан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
      3) кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының оқушыларын – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
      4) әлеуметтік көмек көрсетілетін мына азаматтар санатына жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда, кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының оқушыларына – тегін жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда):
      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
      көп балалы отбасылардың балалары;
      кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балалар;
      жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
      дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
      интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
      денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
      толық емес отбасынан шыққан балалар.
      2. "Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 9 сәуірдегі 4 сессиясының N 40 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-6-140 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2012 жылғы 4 мамырдағы 29 (2000) нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В. Юстус

      Қалалық
      мәслихат хатшысы                           С. Имамбай

      Келісілді:

      "Сәтбаев қаласының білім, дене
      шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ш. Жанасылова
      2013 жылғы 20 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады