Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012.04.09 N 40 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
1) жалпы білім беру оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын – қосып алғанда – тегін жүру (2011 жылдың 1 маусымынан бастап 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа);
2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын – қосып алғанда белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (2011 жылдың 1 маусымынан бастап 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа);
3) кәсіби мектептердің, колледждердің және меншіктің барлық түріндегі жоғары оқу орындарының оқытудың күндізгі нысанындағы оқушыларын – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа).
2. Сәтбаев қаласының жалпы білім беру оқу орындарының, кәсіби мектептердің, колледж оқушыларының келесі санаттарына 2011 жылдың жазғы маусымында (2011 жылдың 1 маусымынан бастап 31 тамызына дейін) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру сақталсын:
1) жетім балалар;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар;
4) мүгедек балалар және бала кезінен мүгедек балалар;
5) көпбалалы отбасыларынан шыққан балалар;
6) ата-анасының біреуінен айырылған балалар;
7) жалғызбасты аналардың балалары.
3. 2011 жылға арналған қалалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджеттік сыныптамасының "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау" 6.2.471.012.000 бағдарламасы бойынша қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
4. "Күндізгі бөлім оқушыларының қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы XXIV сессиясының N 290 шешімінің (2010 жылғы 11 ақпанда Қарағанды облысы Әділет департаменті Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 8-6-97 нөмірімен тіркелген, "Шарайна" газетінің 2010 жылғы 17 ақпандағы 13 (1774) нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы С. Имамбай