Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 17.05.2013 N 19/01 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңдарына және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Сериковна Беделбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Саран қаласының әкімі С. Касимов
Саран қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 22 қарашадағы
N 43/07 қаулысымен
бекітілген
"Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi
бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу"
мемлекеттiк қызмет регламенті
1. Негізгі түсініктер
1. Қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:
1) ҚФБ - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары - құрылымдық-функционалдық бірліктері, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері;
2) уәкілетті орган - "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
2. Жалпы ережелер
2. Осы "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу рәсімін айқындайды (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет).
3. Мемлекеттік қызмет "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі - уәкілетті орган), (байланыс деректері осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген).
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттiк қызмет "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы 1) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 қаулысының және Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 21 сессиясының "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек беру туралы" N 365 шешімінің негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi әлеуметтiк көмек тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібіне талаптар
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн жеке тұлғалардың санаттары жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша айқындалады.
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушы осы регламенттің 13 тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он бес күнтiзбелiк күн iшiнде;
2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты (талон алғанға дейiн) - 30 минуттан аспайды;
3) тұтынушыға өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты - 15 минуттан аспайды.
9. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
10. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
11. Тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы уәкілетті органға осы регламенттің 13 тармағында айқындалған қажетті құжаттармен бірге өтінішті береді;
2) уәкілетті орган құжаттарды қарастыруды, тіркеуді жүзеге асырады, хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және мемлекеттік қызметті тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
12. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы іс-әрекеттер
(өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы
13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi нақты құжаттардың тiзбесi жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмдерiнде айқындалады.
14. Мемлекеттiк қызмет тұтынушыға қажеттi құжаттарды ұсына отырып еркiн нысанда жазылған жазбаша өтiнiшi бойынша көрсетiледi.
15. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға уәкiлеттi органда - тұтынушыны тiркеу және оның мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
16. Әлеуметтiк көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру уәкiлеттi органға жеке өтiнiш не пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
17. Тұтынушының құжаттарды тапсыру кезiнде толық емес және (немесе) жалған мәлiметтер ұсынуы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту (тоқтата тұру) үшiн негiз болып табылады.
18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) уәкілетті органның басшысы;
2) уәкілетті органның жауапты тұлғасы.
19. Әр әкімшілік әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара әрекеттесуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшада келтірілген.
20. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ҚФБ және әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 3 қосымшада келтірілген
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
21. Мемлекеттік қызмет көрсетуге уәкілетті орган басшысы жауапты тұлға болып табылады (бұдан әрі - лауазымды тұлға).
Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтің сапасына және белгіленген мерзімінде іске асырылуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
"Жергiлiктi өкiлеттi
органдардың шешiмдерi
бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына
әлеуметтiк көмек тағайындау
және төлеу" мемлекеттік
қызмет регламентіне
1 қосымша
"Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметтің ұсыну бойынша уәкілетті органның байланыс деректері
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның атауы |
Орналасу мекенжайы, электронды мекен жайы |
Байланыс телефоны |
1 |
2 |
3 |
"Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45, N 12 кабинет |
8 (72137) 25076 |
"Жергiлiктi өкiлеттi
органдардың шешiмдерi
бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына
әлеуметтiк көмек тағайындау
және төлеу" мемлекеттік
қызмет регламентіне
2 қосымша
Әр әкімшілік әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып,
әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара әрекеттесуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы
1 Кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы) |
|||
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
1 |
3 |
4 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Уәкілетті органның басшысы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Әрекет (үдерістің, операцияның, рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Өтінішті қабылдау, құжаттарды тексеру |
Ұсынылған құжаттар топтамасын қарастыру, бұрыштама қою |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау |
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы-өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Тұтынушыға талон беру |
Өкілетті органның жауапты тұлғасына жолдау |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты басшыға қол қоюға жолдау |
Орындалу мерзімдері |
15 минуттан аспайды |
1 күнтізбелік күн |
11 күнтізбелік күн |
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
2 |
||
Әрекет (үдерістің, операцияның, рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Өтінішті тіркеу |
||
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы-өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Құжаттарды уәкілетті органның басшысына бұрыштама қою үшін жолдау |
||
Орындалу мерзімдері |
Күнтізбелік 1 күн ішінде |
Негізгі процестің әрекеті (барысы, жұмыс ағымы) |
||
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
5 |
6 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті органның басшысы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Әрекет (үдерістің, операцияның, рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Хабарламаға немесе, мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу |
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы-өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Мемлекеттік қызметті көрсету туралы нәтижені өкілетті органның жауапты тұлғасына тапсыру |
Мемлекеттік қызметті тұтынушыға хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру |
Орындалу мерзімдері |
1 күнтізбелік күн |
1 күнтізбелік күн |
"Жергiлiктi өкiлеттi
органдардың шешiмдерi
бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына
әлеуметтiк көмек тағайындау
және төлеу" мемлекеттік
қызмет регламентіне
3 қосымша