Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" N 2162 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, орта және жоғары білім беретін оқу орындарының түлектерін, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (З. Шакентаев):
1) алынып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.10.02 N 28/05 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;2) жұмыссыз ретінде тіркелген, орта және жоғары білім беретін оқу орындарын бітірген жастар арасында жастар тәжірибесін өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырсын;
3) уақытша жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыруға келісімшарттар жасасын;
4) жастар тәжірибесін өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы", 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар", 103 "Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейту" ішкі бағдарламалары бойынша қарастырылған қаражат есебінен жүргізілсін;
5) жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек төлемі бюджетте бекітілген қаражат шегінде, бірақ 2012 жылға бекітілген ең аз еңбекақыдан төмен емес мөлшерде көзделсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.10.02 N 28/05 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы "Оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 13/15 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-110 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 тамыздағы N 33 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Е. Нашаров |
Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 7/05 қаулысына қосымша |
Жастар тәжірибесін өту үшін жұмыс орындары құрылатын аудан ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің тізімі
Р/т N | Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер | Мамандық | Жоспарланатын жұмыс орындарының саны | Жоспарланатын жұмыстардың мерзімі, ай | Айлық еңбекақы мөлшері, теңге |
1. | "Рапил А" фермерлік шаруашылығы | тракторшы | 3 | 6 | 27820 |
2. | "Залелкан Нағашыбай" фермерлік шаруашылығы | тракторшы | 3 | 6 | 27820 |
3. | "Бастау" фермерлік шаруашылығы | тракторшы | 3 | 6 | 27820 |
4. | "Алтындән" фермерлік шаруашылығы | тракторшы | 3 | 6 | 27820 |
5. | "Топар жылыжайлары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Ауыл шаруашылық механикаландыру | 2 | 6 | 27820 |
6. | "Топар жылыжайлары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Автокөлік қызметі бойынша техник - механик | 1 | 6 | 27820 |
7. | "Геракл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | заңгер | 1 | 6 | 27820 |
бағдарламалаушы | 1 | 6 | 27820 | ||
есепші | 1 | 6 | 27820 | ||
аспаз | 1 | 6 | 27820 | ||
ауыл шаруашылық механикаландыру | 1 | 6 | 27820 | ||
8. | Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты | бағдарламалаушы | 1 | 6 | 21400 |
9. | Абай ауданының жер қатынастары бөлімі | есепші | 1 | 6 | 21400 |
10. | Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | экономист | 2 | 6 | 21400 |
11. | Юбилейное ауылы әкімінің аппараты | заңгер | 1 | 6 | 21400 |
12. | Абай ауданы бойынша салық басқармасы | қаржыгер | 1 | 6 | 21400 |
13. | "Абай аумақтық бөлімі" мемлекеттік мекеменің филиалы "Қарағанды облысының сот актілерін орындау бойынша Департаменті" | заңгер | 1 | 6 | 21400 |
14. | Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы | экономист | 1 | 6 | 21400 |
15. | Абай аудандық ішкі істер басқармасы | заңгер | 1 | 6 | 21400 |
16. | Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты | жергілікті мемлекеттік басқарма | 1 | 6 | 21400 |
Барлығы | 30 |