Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 7/05 "2012 жылға оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қазандағы N 28/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 қазанда N 1954 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 378 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 7/05 "2012 жылға оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-129 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 мамырдағы N 17 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақта:

      1) тармақшасы алынып тасталынсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Е. Нашаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады