"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі "Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" N 542 қаулысына сәйкес, пробация қызметі бойынша қылмыстық атқару инспекциясы есебіне тіркелген, шартты түрде сотталған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жаңаарқа ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 шілдедегі N 172 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Тізілімінде 8-12-109 нөмірімен тіркелді, 2011 жылғы 13 тамызында N 34 (9459) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
тақырыбындағы:
", бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға" сөзінен кейін ", қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған шартты түрде сотталғандарға" сөзімен толықтырылсын;
қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Жаңаарқа ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін және бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған шартты түрде сотталғандарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Омаров |