Жаңаарқа ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған шартты түрде сотталғандарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 шілдедегі N 172 қаулысы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 шілдеде N 8-12-109 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы N 45/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 13.05.2016 N 45/03 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012.10.01 N 43/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2), 5-5) және 5-6)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаарқа ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін және бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған шартты түрде сотталғандарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2012.10.01 N 43/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Аудан әкімі
С. Оспанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады