Жаңаарқа ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілердің күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 45/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы". "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес және Қарағанды облысы Әділет Департаменті басшысының орынбасары Н. Кенжебаеваның 08.04.2016 жылғы №8-18/1629 хатына орай, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылған болып танылсын:
      1) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 05 шілде 2011 жылғы. №172 "Жаңаарқа ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (мемлекеттік тіркелім № 8-12-109, 11.07.2011 ж., "Жаңаарқа" газетінің 2011 жылғы 13 тамызындағы №34 (9459) санында жарияланған);
      2) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 01 қазан 2012 жылғы №43/01 "Жаңаарқа ауданындағы кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 5-шілдедегі № 172 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысы (мемлекеттік тіркелім № 1952 23.10.2012ж, "Жаңаарқа" газетінің 2012 жылғы 10 қарашадағы №50 (9522) санында жарияланған) ;
      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Қ.Қожықаев), мемлекеттік-құқықтық бөліміне (Р. Кошмагамбетова) жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылуына байланысты тиісті шаралар жүргізу тапсырылсын.
      Аудан әкімі Ғ. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады