Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2012.06.18 N 158 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес мақсаттық топтарға кіретін жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ауданның ұйымдарының, кәсіпорындарының және мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
2. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б.М. Жұманбаев) және "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту орталығы" Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Қ.А. Бабайбеков):
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша әлеуметтік орындарда жұмыс істеуге ниеті бар жұмыссыз азаматтарды жұмысқа жолдау бойынша жұмыс жүргізсін;
2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен сәйкес еңбек шартын жасасын;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тиімділігін және шарттардың орындалуын бақыласын;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбек ақы төлеу келесі мөлшерде жүргізіледі:
1) алғашқы алты айда аудандық немесе республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 50 пайыздық мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 50 пайыздық аз емес мөлшерде;
2) келесі үш айда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 30 пайыздық мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 70 пайыздық аз емес мөлшерде;
3) соңғы үш айда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 15 пайыздық мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 85 пайыздық аз емес мөлшерде.
4. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы N 169 "2011 жылы Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-13-100 болып тіркелген, 2011 жылғы 9 шілдедегі "Қарқаралы" газетінің N 53-54 (10969) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов
Қарқаралы ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 02 ақпандағы
N 48 қаулысына
Қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастыратын ауданның ұйымдарының, кәсіпорындарының және мекемелерінің тізбесі
Рет N |
Кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер |
Жоспарланатын жұмыс орындарының саны |
Жоспарланатын жұмыстардың ұзақтығы (ай) |
Айлық еңбекақы мөлшерi, теңге |
Өтемақы мөлшерi, теңге |
Кәсіп (мамандық) |
1. |
"Рымхан" шаруа қожалығы |
4 |
6 |
52000 |
26000 |
Қосалқы жұмыскер |
2. |
"Аслан" шаруа қожалығы |
4 |
6 |
52000 |
26000 |
Қосалқы жұмыскер |
3. |
Жеке кәсiпкер Жансагимов А.Ж. |
2 |
Алғашқы 6 ай |
52000 |
26000 |
Ағаш ұстасы және от жағушы |
Келесi 3 ай |
52000 |
15600 |
||||
Соңғы 3 ай |
52000 |
7800 |
||||
4. |
"Өнім" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi |
2 |
Алғашқы 6 ай |
52000 |
26000 |
Қосалқы жұмыскер және тракторист |
Келесi 3 ай |
52000 |
15600 |
||||
Соңғы 3 ай |
52000 |
7800 |
||||
5. |
"Қуан" шаруа қожалығы |
3 |
Алғашқы 6 ай |
52000 |
26000 |
Ветеринариялық маман, қосалқы жұмыскер |
Келесi 3 ай |
52000 |
15600 |
||||
Соңғы 3 ай |
52000 |
7800 |
||||
6. |
"Серик" шаруа қожалығы |
2 |
Алғашқы 6 ай |
52000 |
26000 |
Қосалқы жұмыскер |
Келесi 3 ай |
52000 |
15600 |
||||
Соңғы 3 ай |
52000 |
7800 |
||||
7. |
"Әділ" шаруа қожалығы |
2 |
Алғашқы 6 ай |
52000 |
26000 |
Қосалқы жұмыскер |
Келесi 3 ай |
52000 |
15600 |
||||
Соңғы 3 ай |
52000 |
7800 |
||||
Барлығы |
19 |