2011 жылы Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы N 169 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 шілдеде N 8-13-100 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 2 ақпандағы N 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2012.02.02 N 48 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы бекітілсін.
      2. Уәкілетті орган – "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен нысаналы топтардағы, жұмыс істеуге ниет білдірген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жұмыстарын жүргізу;
      2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасау бойынша жұмыс жүргізсін;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиімділігін бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын жұмыс берушінің шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінен елу пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен бөлшектеліп өтеледі.
      4. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуіріндегі "Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" N 83 қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 29 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 8-13-81 санымен тіркелген, 2010 жылғы 8 мамырындағы N 37-38 "Қарқаралы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С.С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                К. Максутов

Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 маусымдағы
N 169 қаулысымен бекітілген

Нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінішті уәкілетті орган "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі-Уәкілетті орган) береді.
      2. Уәкілетті орган әлеуметтік орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктегенде келесідей талаптарды ескереді: кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, еңбекақыны уақытында төленуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормасына сәйкестігі, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, Уәкілетті органмен келісілген келісім-шарт уақытының аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.
      3. Келісім-шартқа екі жақтын міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері, жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Келісім-шарт 6 айдан аспайтын мерзімге жасалынады. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
      4. Жұмыс берушімен келісім-шарт жасалғаннан кейін, Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орынына жұмысқа орналасу үшін нысаналы топтардағы жұмыссыздарға жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші жолдама алған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орынына алады, онымен келісім-шартқа отырады, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.
      6. Жұмыс беруші еңбек ақыны төлеуде шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдын 20 күніне дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте келесіні ұсынады: жұмысқа алу туралы бұйрықтан үзінді, жұмыс уақытын есептеу тізімін, әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмысшылар есебі мен атқарылған жұмыстардың актісі.
      7. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасының орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады