Қарқаралы ауданында тұрғындардың мақсатты топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша шаралар туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 ақпандағы N 48 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 ақпанда N 8-13-117 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 маусымдағы N 158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2012.06.18 N 158 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес мақсаттық топтарға кіретін жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ауданның ұйымдарының, кәсіпорындарының және мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
      2. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б.М. Жұманбаев) және "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту орталығы" Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Қ.А. Бабайбеков):
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша әлеуметтік орындарда жұмыс істеуге ниеті бар жұмыссыз азаматтарды жұмысқа жолдау бойынша жұмыс жүргізсін;
      2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен сәйкес еңбек шартын жасасын;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тиімділігін және шарттардың орындалуын бақыласын;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбек ақы төлеу келесі мөлшерде жүргізіледі:
      1) алғашқы алты айда аудандық немесе республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 50 пайыздық мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 50 пайыздық аз емес мөлшерде;
      2) келесі үш айда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 30 пайыздық мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 70 пайыздық аз емес мөлшерде;
      3) соңғы үш айда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен еңбекақыдан 15 пайыздық мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен 85 пайыздық аз емес мөлшерде.
      4. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы N 169 "2011 жылы Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-13-100 болып тіркелген, 2011 жылғы 9 шілдедегі "Қарқаралы" газетінің N 53-54 (10969) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қарқаралы ауданының әкімі                  К. Максутов

Қарқаралы ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 02 ақпандағы
N 48 қаулысына
Қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастыратын ауданның ұйымдарының, кәсіпорындарының және мекемелерінің тізбесі

Рет N

Кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер

Жоспарланатын жұмыс орындарының саны

Жоспарланатын жұмыстардың ұзақтығы (ай)

Айлық еңбекақы мөлшерi, теңге

Өтемақы мөлшерi, теңге

Кәсіп (мамандық)

1.

"Рымхан" шаруа қожалығы

4

6

52000

26000

Қосалқы жұмыскер

2.

"Аслан" шаруа қожалығы

4

6

52000

26000

Қосалқы жұмыскер

3.

Жеке кәсiпкер Жансагимов А.Ж.

2

Алғашқы 6 ай

52000

26000

Ағаш ұстасы және от жағушы




Келесi 3 ай

52000

15600





Соңғы 3 ай

52000

7800


4.

"Өнім" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

2

Алғашқы 6 ай

52000

26000

Қосалқы жұмыскер және тракторист




Келесi 3 ай

52000

15600





Соңғы 3 ай

52000

7800


5.

"Қуан" шаруа қожалығы

3

Алғашқы 6 ай

52000

26000

Ветеринариялық маман, қосалқы жұмыскер




Келесi 3 ай

52000

15600





Соңғы 3 ай

52000

7800


6.

"Серик" шаруа қожалығы

2

Алғашқы 6 ай

52000

26000

Қосалқы жұмыскер




Келесi 3 ай

52000

15600





Соңғы 3 ай

52000

7800


7.

"Әділ" шаруа қожалығы

2

Алғашқы 6 ай

52000

26000

Қосалқы жұмыскер




Келесi 3 ай

52000

15600





Соңғы 3 ай

52000

7800



Барлығы

19





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады