Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 3384 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 17 сәуірдегі 10-1-208 нөмірімен тіркелген, қалалық "Кызылорда Таймс" газетінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 16 және "Ақмешіт апталығы" газетінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 17 шығарылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 49000 (қырық тоғыз мың) теңгеден біржолғы материалдық көмек 2012 жылдың 15 маусымына дейін берілсін".
аталған қаулының 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы А.Алдажаров) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Ж.Шынтасовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАЛА ӘКІМІ М. ЖАЙЫМБЕТОВ