Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 3384 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 17 сәуірде N 10-1-208 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 шілдедегі N 3943 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.07.13 N 3943 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 567 бабтарына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4 бабына сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 67 000 (алпыс жеті мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін берілсін.
      2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін берілсін.
      3. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 49000 (қырық тоғыз мың) теңгеден біржолғы материалдық көмек 2012 жылдың 15 маусымына дейін берілсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.05.17 N 3608 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.05.17 N 3608 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы А.Алдажаров) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Ж.Шынтасовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІНІҢ
      МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ                            А. АҚЖІГІТОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады