"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармағымен "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3-тармағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және 2011 жылғы 04 қарашадағы N 6 азаматтар жиналысының хаттамасына сәйкес Талсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШЕМІН:
1. Талсуат ауылдық округі әкімінің 20 қыркүйек 2011 жылғы N 14 шешімінің 1 тармағы мынандай жаңа редакцияда жазылсын:
1. Сызбалық картаға байланысты Талсуат ауылдық округінде орналасқан көшелерге және тұйыққа: Оспан Сауытбаев көшесі, Оспан Сауытбаев тұйығы, Әлжаппар Байкенжеев көшесі, Құмкөл көшесі, Көкшетау көшесі, Сейхун көшесі, Ақтөбе көшесі, Арал көшесі, Мұнайшы көшесі, Отырар көшесі, Орынбор көшесі, Алматы көшесі, Астана көшесі, Ақмешіт көшесі, Космонавт көшесі, Биман Тапалов көшесі, Бейбітшілік көшесі, Сырдария көшесі, Атырау көшесі, Сығанақ көшесі, Жанкент көшесі, Қазалы көшесі, Ақтау көшесі, N 6 көше атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Талсуат ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы К. Калкузоваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ӘКІМ Т. МУСАБАЕВ