Талсуат ауылдық округіндегі көшелер мен тұйыққа атау беру туралы

Жаңартылған

Қызылорда қаласы Талсуат ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі N 14 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2011 жылы 15 қарашада N 10-1-194 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және қала әкімі жанындағы онамастикалық комиссиясының 2011 жылғы 24 мамырдағы N 2/ 3 ұйғарымына және Талсуат ауылдық округі тұрғындарының 2011 жылғы 13 мамырдағы N 8 хаттамасы негізінде, ШЕШЕМІН:
      1. Сызбалық картаға байланысты Талсуат ауылдық округінде орналасқан көшелерге және тұйыққа: Оспан Сауытбаев көшесі, Оспан Сауытбаев тұйығы, Әлжаппар Байкенжеев көшесі, Құмкөл көшесі, Көкшетау көшесі, Сейхун көшесі, Ақтөбе көшесі, Арал көшесі, Мұнайшы көшесі, Отырар көшесі, Орынбор көшесі, Алматы көшесі, Астана көшесі, Ақмешіт көшесі, Космонавт көшесі, Биман Тапалов көшесі, Бейбітшілік көшесі, Сырдария көшесі, Атырау көшесі, Сығанақ көшесі, Жанкент көшесі, Қазалы көшесі, Ақтау көшесі, N 6 көше атаулары берілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда қаласы Талсуат ауылдық округі әкімінің 2012.06.08 N 8 Шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Талсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы К. Калкузоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ӘКІМ                             Т. МУСАБАЕВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады