Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 26.02.2013 N 14/5 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуіріндегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес, Қызылорда қалалық маслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қызылорда қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М. Баекеевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен
тыс VII сессиясының төрағасы Б. МАСТЕКОВ
Қалалық мәслихат хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ
Қызылорда қалалық мәслихатының
2012 жылғы 24 шілдедегі
N 7/3 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қызылорда қаласында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын, отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлем ақысына төлеуге беріледі.
2. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - орталық) өтінішпен өтініш жасайды және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысының 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
4. Қажетті құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды беру сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіні тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлайды немесе өтініш берушіге бір данасы берілетін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
6. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкілетті орган тиісті органдардан өтініш берушінің тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәліметтерді сұратады.
7. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және өтініш беруші өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
8. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға күнтізбелік он күн ішінде хабарлайды.
9. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
10. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өндіріледі.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау
11. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
12. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
13. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бір айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектерді, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органынан жұмыссыз ретінде тіркелуі жөніндегі құжаттарды тапсырады.
14. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн отбасының (азаматының) шығыстар үлесi жиынтық табыстың бес пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
15. Тұрғын үй көмегі келесі тәртіппен беріледі:
1) электр жарығын пайдалану – 1 айға 1 адамға 45 киловатт-сағат, 2 адамға 90 киловатт-сағат, 3-4 адамға 100 киловатт-сағат, 5 және одан да көп адамы бар отбасыларға 1 айға 150 киловатт-сағат;
2) газбен жабдықтау – 1 айға 5 адамға дейінгі отбасыларына 10 килограмм, 5 және одан да көп адамдары бар отбасыларға 20 килограмм;
3) ыстық және салқын су – ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
4) тұрғын үйді күтіп ұстау – ай сайын 1 адамға 18 шаршы метр, жалғызбасты азаматтарға 31 шаршы метр;
5) жылумен жабдықтау – ай сайын 1 адамға 18 шаршы метр, жалғызбасты азаматтарға 31 шаршы метр;
6) өндірістік қатты қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
7) кәріз қызметтері – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
8) телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі;
9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде;
10) қатты отынды (көмірді) жылыту маусымында пайдалану – әр отбасына бір айға 0,5 тоннадан;
11) лифт – әр отбасына тариф бойынша.
3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
16. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
17. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.