РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексінің 21 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бес проценті мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына бес проценті мөлшерінде квота белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т. Дәрменовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арал ауданының әкімі | Н. Мұсабаев |