Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 4-қ қаулысы

       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңын және "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысын басшылыққа ала отырып, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Арал ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Арал ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бохаев Нұрмұхамет Омарұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      АУДАН ӘКІМІ А. МҰХИМОВ

  Арал ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "11" қаңтардағы
№ 4-қ қаулысына қосымша

Арал ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 261 қаулысы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 16 қаңтарында № 4400 нөмірімен тіркелген, "Толқын" газетінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 7 санында ресми жарияланған).
      2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 қаулысы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 18 қаңтарында № 4401 нөмірімен тіркелген, "Толқын" газетінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 7 санында ресми жарияланған).
      3. "Коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы" аудан әкімдігінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 436-қ қаулысы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 7 қарашада № 4789 нөмірімен тіркелген, "Толқын" газетінің 2014 жылғы 15 қарашадағы № 87 (10037) санында ресми жарияланған).
      4. "Арал ауданы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайын бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 143-қ қаулысы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 маусымында № 5028 нөмірімен тіркелген, "Толқын" газетінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 49 (10097) және 2015 жылғы 4 шілдедегі № 50 (10098) сандарында ресми жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады