Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 18 қаңтарда № 4401 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 4-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.01.2016 № 4-қ қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексінің 21 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бес проценті мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына бес проценті мөлшерінде квота белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т. Дәрменовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Арал ауданының әкімі Н. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады