Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013.01.08 N 3 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы N 561-ІV Заңына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012.05.11 N 158 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес құрылсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012.10.30 N 318 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (Қ. Әзіров, келісім бойынша):
1) әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу үшін білікті дәрігер-мамандар бөлуге ықпал ету;
2) медициналық комиссияны қажетті дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен және медициналық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. "Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (К. Өтеев келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Жолтаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
АУДАН ӘКІМІ М. ИМАНДОСОВ
КЕЛІСІЛДІ
Қызылорда облысының
денсаулық сақтау басқармасының
"Қазалы аудандық емханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері
Қ.Әзіров ______________
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысы
Қазалы ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б.Шаймерденов ______________
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысының
Ішкі істер Департаменті
Қазалы ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы К.Өтеев ___________
Қазалы ауданы әкімдігінің
2012 жылғы "2" сәуірдегі
N 121 қаулысына 1-қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Ескерту. 1-қосымшасының атауы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012.10.30 N 318 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Комиссия төрағасы |
- |
Қазалы ауданы әкімінің орынбасары; |
Комиссия төрағасының орынбасары |
- |
"Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша); |
Комиссия мүшелері: | ||
---|---|---|
Комиссия мүшесі |
- |
"Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Комиссия мүшесі, медициналық комиссиясының төрағасы |
- |
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша); |
Комиссия хатшысы |
- |
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қазалы аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мейіркесі (келісім бойынша). |
Қазалы ауданы әкімдігінің
2012 жылғы "2" сәуірдегі
N 121 қаулысына 2-қосымша
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
Р/сN | Атаулары | Шақыру комиссиясының жұмыс күндері | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
сәуір | мамыр | маусым | қазан | қараша | желтоқсан | ||
1 |
Әйтеке би кенті |
16, 17, 18 |
4, 10, 14, 16, 21, 23, 25, 28 |
1, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 14 |
2, 3, 4, 10, 11, 15, 18, 30 |
1, 2, 5, 9, 12, 13, 21, 26, 28 |
3, 4, 5, 6, 10, 11, 13, 24, 26 |
2 |
Қазалы қаласы |
18, 19 |
16, 18, 23, 29 |
8, 11, 12, 13, 14, 25, 28 |
4, 8, 15, 16, 18, 22, 25 |
6, 8, 13, 22, 26, 30 |
7, 11, 13, 19, 21, 25, 27 |
3 |
Ғ.Мұратбаев ауылдық округі |
23, 24 |
14, 16, 17 |
13, 14, 15, 19 |
4, 8, 16, 28 |
13, 21, 29 |
4, 13, 26 |
4 |
Сарыкөл ауылдық округі |
||||||
5 |
Қарашеңгел ауылдық округі |
26, 27 |
15, 21, 23, |
20, 22, 27, 28 |
9, 11, 16, |
7, 9, 15, 28 |
7, 15, 28 |
6 |
Құмжиек ауылдық округі |
||||||
7 |
Басықара ауылдық округі |
||||||
8 |
Көларық ауылдық округі |
24, 25 |
15, 22, 30 |
15, 18 |
15, 18, 29 |
7, 13, 27 |
5, 19, 29 |
9 |
Арықбалық ауылдық округі |
||||||
10 |
Майдакөл ауылдық округі |
23, 26 |
16, 24, 31 |
25, 27 |
3, 8, 22, |
8, 16, 26 |
3, 6, 21 |
11 |
Алға ауылдық округі |
||||||
12 |
Ақжона ауылдық округі |
||||||
13 |
Бірлік ауылдық округі |
26,27 |
11, 16, 25 |
4, 5, 18, 26 |
23, 24, 25, 31 |
8, 22, 28 |
5, 12, 19 |
14 |
Өркендеу ауылдық округі |
||||||
15 |
Аранды ауылдық округі |
||||||
16 |
Бозкөл ауылдық округі |
17, 18 |
14, 16, 23 |
4, 14, 18 |
12, 17, 29 |
1, 8, 29 |
14, 21 |
17 |
Қызылқұм ауылдық округі |
||||||
18 |
Тасарық ауылдық округі |
||||||
19 |
Майлыбас ауылдық округі |
23, 26 |
3, 11, 17 |
8, 11, 25 |
9, 10, 16 |
2, 6, 26 |
12, 20, 31 |
20 |
Сарбұлақ ауылдық округі |
||||||
21 |
Шәкен ауылдық округі |