Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 ақпандағы № 2/7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 06 наурызда № 10-9-218 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 мамырдағы № 40/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 04.05.2016 № 40/6 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат (кезектен тыс ІІ сессия) ШЕШЕМІЗ:
      1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарында белгіленген, автотұраққа, автомобиль май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету "Қызылорда облыстық салық Департаменті Шиелі ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (М. Егембердиев, келісім бойынша) ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы П. Архабаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Ә. Оразбекұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облыстық салық Департаменті
      Шиелі ауданы бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      М. Егембердиев ________________
      "6" ақпан 2012 жыл

О корректировке базовых ставок земельного налога

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 06 февраля 2012 года № 2/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 06 марта 2012 года № 10-9-218. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 04 мая 2016 года № 40/6

      Сноска. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 04.05.2016 № 40/6 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с пунктом 1 статьи 387 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" районный маслихат (внеочередная ІІ сессия) РЕШИЛИ:
      1. Повысить на 50 процентов базовые налоговые ставки, установленные статьями 378, 379, 381, 383 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), за исключением земель, выделенных (отведенных) под автостоянки, автозаправочные станции.
      2. Рекомендовать государственному учреждению "Налоговое управление по Шиелийскому району Налогового Департамента Кызылординской области" (М. Егембердиев, по согласованию) обеспечить исполнение настоящего решения.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
      районного маслихата П. Архабаев
      Секретарь районного маслихата Ә. Оразбекұлы
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник государственного учреждения
      "Налоговое управление по Шиелийскому
      району Налогового Департамента
      Кызылординской области"
      __________________М. Егембердиев
      "6" февраля 2012 год