Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат (кезектен тыс ІІ сессия) ШЕШЕМІЗ:
1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарында белгіленген, автотұраққа, автомобиль май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету "Қызылорда облыстық салық Департаменті Шиелі ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (М. Егембердиев, келісім бойынша) ұсынылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | П. Архабаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Ә. Оразбекұлы |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қызылорда облыстық салық Департаменті | |
Шиелі ауданы бойынша салық басқармасы" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
М. Егембердиев ________________ | |
"6" ақпан 2012 жыл |