Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 мамырдағы № 40/6 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 1000 қаулысына сәйкес төмендегі шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
      1) "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 06 ақпандағы № 2/7 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2012 жылғы 06 наурызда № 10-9-218 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2012 жылғы 20 наурыздағы №30-3 (7973-7974) нөмірінде жарияланған;
      2) "Қызметін Шиелі ауданында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 06 ақпандағы № 2/8 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2012 жылғы 05 наурызда № 10-9-217 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2012 жылғы 20 наурыздағы №30-3 (7973-7974) нөмірінде жарияланған;
      3) "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 27/6 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2014 жылғы 24 сәуірде №4643 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2014 жылғы 17 мамырдағы № 34 (8188) нөмірінде жарияланған;
      4) "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 27/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 02 наурыздағы № 37/7 шешімі. Мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2015 жылғы 26 наурызда № 4925 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2015 жылғы 01 сәуірдегі №24 (8274) нөмірінде жарияланған.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы: П. Архабаев
      Аудандық
      мәслихат хатшысы: Ә. Оразбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады