Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Маңғыстау облысының Әділет Департаментінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 02-26/6022 ұсынысы және Ақтау қаласы прокурорының 2012 жылғы 6 тамыздағы № 2-110107-12-05417 наразылығына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.
2. Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 4 маусымдағы № 33/295 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 14 шілдеде № 11-1-137 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 шілдедегі № 124-125 "Маңғыстау" газетінде жарияланған); 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 42/387 "Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 4 маусымдағы № 33/295 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-154 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымдағы № 95-96 "Маңғыстау" газетінде жарияланған); 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 3/35 "Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 4 маусымдағы № 33/295 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-179 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 маусымдағы № 100-101 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Хайрлиева, келісім бойынша) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етілсін.
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С.Токмашов |
Қалалық мәслихат хатшысы | М. Молдағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Г. Хайрлиева
2012 жыл 12 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық экономика және
бюджетті жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Ким
2012 жыл 12 қыркүйек
Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 6/62 шешімімен бекітілген |
Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы
Осы Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (әрі қарай - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы, 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулыларына және Казақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай - ақ мемлекеттік тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы Бұйрығына сәйкес әзірленген.Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
1. Жалпы ережелері
1. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі фунцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкілетті орган – мемлекеттік мекеме "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі" (бұдан әрі уәкілетті орган);
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп- ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп- ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта конодоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
7) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚКО);
Ескерту. "Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау" Қағидасында, 1 тармақ 7) тармақшасымен толықтырылсын- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 24.11.2014 № 25/236(жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
8) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб- портал).";
Ескерту. "Ақтау қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау" Қағидасында, 1 тармақ 8) тармақшасымен толықтырылсын- Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 24.11.2014 № 25/236(жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй - жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй - жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) алып тасталды - Ақтау қалалық мәслихатының 17.03.2014 № 18/177 шешімімен (01.07.2012 бастап 01.01.2014 дейін қолданыста болады).
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2013 № 10/112; 17.03.2014 № 18/177 шешімдерімен.
3. алып тасталды - Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2013 № 10/112 шешімімен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2013 № 10/112 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2013 № 10/112; 17.03.2014 № 18/177 (01.07.2012 бастап 01.01.2014 дейін қолданыста болады) шешімдерімен.
5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу Ережесіне" сәйкес орындалады.
6. Коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енгізіледі: су, канализациямен қамтамасыз ету, газ, электр, жылумен қаматамасыз ету, қоқыс шығару, лифт пайдалану.
7. Коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы қызметтерінің ұлғаю бөлігіне байланысты, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға отбасының (азаматтардың) шығыстарының шекті жол берілетін үлесінің жиынтық табысының жеті пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2013 № 10/112; 17.03.2014 № 18/177 (01.07.2012 бастап 01.01.2014 дейін қолданыста болады) шешімдерімен.
8.Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) ХҚКО-на немесе веб-порталға өтінішпен жүгінеді және келесідей құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай анықтамасы не өтініш берушінің тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган ұсынған жалдау ақысының мөлшері туралы шот.;
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 24.11.2014 № 25/236 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2)тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
4)отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5)тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6)коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7)телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8)жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) алып тасталды - Ақтау қалалық мәслихатының 17.03.2014 № 18/177 шешімімен (01.07.2012 бастап 01.01.2014 дейін қолданыста болады).
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 26.03.2013 № 10/112; 17.03.2014 № 18/177 шешімдерімен.
9. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындалады.
10. Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейінгі коммуналдық қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.
11. Азаматтардың келесі санаттары үшін өтемақы шараларымен коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары, пайдаланып отырған тұрғын жайдың бір бірлігінің нақты аумағына, бірақ алпыс екі шаршы метрден аспайтын болып: зейнеткерлер, ауру себептеріне қарамастан мүгедектер және оларға күтім жасайтын азаматтар, тұл жетім балалар, ата - анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік оқу орнын бітіргенге дейін, кәмелетке толмаған балалармен бірге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім жүйесінде оқитын балалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы және басқа санаттағы азаматтар үшін тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын жай алаңының нормасы шегінде белгіленеді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және немесе күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы тұрғын жайдың бір бірлігінің нақты аумағына, бірақ елу шаршы метрден аспайтын болып белгіленеді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуде электрэнергиясын тұтынудың нормасы бір адамға ай сайын тоқсан киловатт/сағат, және электр плиталарымен жабдықталған үйде тұратындарға электроэнергиясын тұтынудың нормасы бір адамға ай сайын жүз он бес киловатт/сағат.
12. Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігімен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға (жалдама) немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік - кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасыларға азаматтарға тұрғын үй көмегі берілмейді
13. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер жөнінде он күн мерзім ішінде (отбасы құрамы, оның бюджеті, жылжымайтын мүлік алуы және тағы басқа), сондай - ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнінде уәкілетті органға хабарлайды.
Уәкілетті органға қасақана қате мәліметтер бергендігі салдарынан көтермеленген немесе заңсыз өтемақы тағайындалса, заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі түріндегі сомалар меншік иесімен (жалға беруші) ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады. Келесі мерзімге арналған тұрғын үй көмегі заңсыз алынған тұрғын үй көмегі бюджетке қайтарылған соң тағайындалады.
14. Тапсырылған құжаттардың растығына көз жеткізу үшін уәкілетті орган арыз иесінің тұрып жатқан үйінің материалдық- тұрмыстық жағдайын тексеруге құқылы.
15. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің төлемі тұрғын үй көмегін алушының арызы бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының, қызметтерді жеткізушілердің, кондоминиум нысандарын басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 24.11.2014 № 25/236 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу
15. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.16. Уәкілетті орган ай сайын тағайындалған көмек сомасының контингентін қорытындылап, тұрғын үй көмегінің сомасын көрсетумен, меншік иелерінің тізімін жасайды,тұрғын үй көмегін алушылардың мекен-жайы бойынша тағайындалған көмек сомасын қызмет жеткізушілердің шотына аударады.
17. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің тізімі негізінде ай сайын қызмет көрсетуші кәсіпорындар тағайындалған көмек сомасына екі данада салыстыру актін жасайды.