Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012.12.04 № 574 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2012 жылға білім білім беру ұйымдарын іріктеп, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастырсын.
2. 2012 жылға кәсіптер (мамандықтар) тізбесі мен жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың шығын мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «2011 жылға арналған кәсіптер (мамандықтар) тізбесін, жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшерін бекіту туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 109 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-163 тіркелген, 2011 жылы 30 наурызда № 14 (1505) «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) куші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Боранбаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Қала әкімінің
міндетін атқарушы Қ. Нұрмұханов
КЕЛІСІЛДІ:
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж.А.Бекова
20 қаңтар 2012 ж.
«Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Р.К.Джантлеуова
20 қаңтар 2012 ж.
«Жаңаөзен қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н.Б.Ғұмарова
20 қаңтар 2012 ж.
2012 жылғы 20 қаңтар № 07
Жаңаөзен қала әкімдігінің қаулысына
қосымша
2012 жылға арналған кәсіптер (мамандықтар) тізбесі мен жұмыссыздарды кәсіби даярлау біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшері
№ | Мамандықтар тізімі | Оқушылардың саны | Соның ішінде | Оқу мерзімі (ай) | Орташа оқу ақысы | Жолдың жалпы құны, (мың теңге) | Тамақтану құны, (мың теңге) | Медициналық куәландырудың жалпы төлемі | Барлық шығын (мың теңге) | |||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ауыл тұрғындары рыыыыыыы | оралмандар | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
Жүргізуші В,С катего- |
25 |
5 |
2 |
3 |
25000 |
11550 |
30-00 |
200-00 |
385000 |
75000 |
1096550 |
|
Ағаш ұстасы |
15 |
2 |
2 |
1 |
15000 |
1560 |
30-00 |
200-00 |
78000 |
45000 |
349560 |
|
Құбыр төсеуші маши- |
10 |
1 |
- |
2 |
18000 |
3060 |
30-00 |
200-00 |
102000 |
30000 |
315060 |
|
Автомобиль кранының маши- |
10 |
1 |
- |
2 |
18000 |
3060 |
30-00 |
200-00 |
102000 |
30000 |
315060 |
|
Слесарь- жөндеуші |
10 |
1 |
- |
1 |
12000 |
780 |
30-00 |
200-00 |
52000 |
30000 |
202780 |
|
Теміржол жолшы- |
25 |
5 |
5 |
1 |
15000 |
3900 |
30-00 |
200-00 |
130000 |
75000 |
583900 |
|
Электронды есептеу машиналардың операторы |
15 |
- |
2 |
1 |
11960 |
- |
- |
160-00 |
62400 |
45000 |
286800 |
|
Әлеуметтік жұмысшы |
15 |
2 |
2 |
1 |
17960 |
1560 |
30-00 |
160-00 |
62400 |
45000 |
378360 |
|
Шаштараз өнері және сәндік космети-касы |
15 |
- |
2 |
1 |
17960 |
- |
- |
160-00 |
62400 |
45000 |
376800 |
|
Тігін өндірісі және киімдер-ді моделдеу |
15 |
- |
3 |
1 |
17960 |
- |
- |
160-00 |
62400 |
45000 |
376800 |
|
Мектепке дейінгі тәрбие- |
30 |
3 |
2 |
1 |
14769,66 |
2340 |
- |
170-00 |
132600 |
90000 |
668030 |
|
12. |
Аударма ісі |
15 |
- |
- |
1 |
15000 |
- |
- |
170-00 |
66300 |
45000 |
336300 |
200 |
17 |
20 |
3360690 |
27810 |
1297500 |
600000 |
5286000 |
Ескерту: Жол ақысы ауыл тұрғындарына арналған.