2012 жылға жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 07 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 01 ақпанда № 11-2-184 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 04 желтоқсандағы № 574 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы   әкімдігінің 2012.12.04 № 574 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2012 жылға білім білім беру ұйымдарын іріктеп, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастырсын.
      2. 2012 жылға кәсіптер (мамандықтар) тізбесі мен жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың шығын мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «2011 жылға арналған кәсіптер (мамандықтар) тізбесін, жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшерін бекіту туралы» қала әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 109 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-163 тіркелген, 2011 жылы 30 наурызда № 14 (1505) «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) куші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Боранбаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы                       Қ. Нұрмұханов

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ж.А.Бекова
      20 қаңтар 2012 ж.

      «Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Р.К.Джантлеуова
      20 қаңтар 2012 ж.

      «Жаңаөзен қалалық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Н.Б.Ғұмарова
      20 қаңтар 2012 ж.

2012 жылғы 20 қаңтар № 07
Жаңаөзен қала әкімдігінің қаулысына
қосымша

2012 жылға арналған кәсіптер (мамандықтар) тізбесі мен жұмыссыздарды кәсіби даярлау біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшері

Мамандықтар тізімі Оқушылардың саны Соның ішінде Оқу мерзімі (ай) Орташа оқу ақысы Жолдың жалпы құны, (мың теңге) Тамақтану құны, (мың теңге) Медициналық куәландырудың жалпы төлемі Барлық шығын (мың теңге)
Ауыл  тұрғындары рыыыыыыы оралмандар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
  1.  

Жүргізуші В,С катего-
риясы

25

5

2

3

25000

11550

30-00

200-00

385000

75000

1096550

  1.  

Ағаш ұстасы

15

2

2

1

15000

1560

30-00

200-00

78000

45000

349560

  1.  

Құбыр төсеуші маши-
нисті

10

1

-

2

18000

3060

30-00

200-00

102000

30000

315060

  1.  

Автомобиль кранының маши-
нисті

10

1

-

2

18000

3060

30-00

200-00

102000

30000

315060

  1.  

Слесарь- жөндеуші

10

1

-

1

12000

780

30-00

200-00

52000

30000

202780

  1.  

Теміржол жолшы-
лары

25

5

5

1

15000

3900

30-00

200-00

130000

75000

583900

  1.  

Электронды есептеу машиналардың операторы

15

-

2

1

11960

-

-

160-00

62400

45000

286800

  1.  

Әлеуметтік жұмысшы

15

2

2

1

17960

1560

30-00

160-00

62400

45000

378360

  1.  

Шаштараз өнері және сәндік космети-касы

15

-

2

1

17960

-

-

160-00

62400

45000

376800

  1.  

Тігін өндірісі және киімдер-ді моделдеу

15

-

3

1

17960

-

-

160-00

62400

45000

376800

  1.  

Мектепке дейінгі тәрбие-
шісі

30

3

2

1

14769,66

2340

-

170-00

132600

90000

668030

12.

Аударма ісі

15

-

-

1

15000

-

-

170-00

66300

45000

336300



200

17

20


3360690

27810



1297500

600000

5286000


Ескерту: Жол ақысы ауыл тұрғындарына арналған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады